Ірі өндіріс орындарындағы жұмыс сапасын арттыру – жіті назарда
Ірі өндіріс орындарын, әсіресе металлургия комбинаттарын жаңғырту аса маңызды. «Инвестиция тартумен қоса, жұмыс сапасын арттыру жіті назарда болуы шарт», - дейді Президент. Осы ретте ірі кәсіпорындардағы еңбек жағдайын жақсарту үшін экономикалық модельді өзгерту қажет. Бұл - Парламентаризм институтының атқарушы директоры Алмас Қанатовтың пікірі. Айтуынша, қазіргі таңда олигополияны ауыздықтап, ауыр және зиянды жұмыста еңбек ететіндердің мүддесін қорғайтын заң жобасы дайындалу үстінде.
Алмас Қанатов, ҚР Президенті ісі басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының атқарушы директоры:
Президент ұсынып отырған қазіргі экономикалық модельге сай, еңбек етушінің мүддесі баста назарда болуы тиіс. Осы ретте біздің институт кейінгі жарты жыл бойы «Еңбек қауіпсіздігі және қызметкерлердің құқығын қорғауды жетілдіруді» көздейтін заң жобасына сүйемелдеу жасады. Сондай-ақ «кәсіпорындардың қызметі туралы» әзірленіп жатқан жаңа заң жобасының да экономиканы демонополизациялауға қосар үлесі мол деп білемін.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Ел намысын 11 команда қорғайды
24.07.2026, 20:36
Тұңғыш драматург жайлы алғашқы жинақ шықты
24.07.2026, 20:34
Әскери дайындыққа арналған жаңа оқулықтар жарық көрді
24.07.2026, 20:31
Қызылорда облысының Шиелі ауданында жастар саябақты тазалап, игі іске жұмыла атсалысты
24.07.2026, 20:27
Алматы жетекші гастрономиялық орталықтардың біріне айналды
24.07.2026, 20:25
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 1 059 медаль жеңіп алды
24.07.2026, 20:22
Алматыда жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті
24.07.2026, 20:19
Ресейде қор нарығы құлдырап, бағалы қағаздар құнсызданды
24.07.2026, 20:19