Жаңа су кодексі аграрлық саладағы су тапшылығы мәселесін шешуге бағытталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа су кодексі аграрлық саладағы су тапшылығы мәселесін шешуге бағытталады

07.02.2024

Жалпы аграрлық салаға ауқымды реформа қажет. Президент осылай деді. Өйткені қазіргі таңда климаттың өзгеруі, құрғақшылық және су тапшылығына байланысты елімізде егіншілік пен өсімдік шаруашылығында қордаланған мәселелер шешілмей келеді. Салдарынан Түркістан мен Қызылорда облыстарындағы егіс алқаптарын сумен қамту қиындаған. Сарапшылардың айтуынша, суармалы жерлерге қатысты мәселелерді шешіп, реттеу үшін Су кодексі әзірленіп жатыр. Алайда бұл ретте Ауыл шаруашылығы мен Су ресурстары және ирригация министрлігі бірлесіп жұмыс істеуі қажет.

Нұржан Сәуленқызы, ҚР Президенті ісі басқармасы жанындағы парламентаризм институтының бас маманы:

Әлемдегі климаттық өзгерістер егін шаруашылығына тікелей әсер етеді. Соның алдын алу үшін суды үнемдеп, жаңа технологияны пайдаланып, іске асыруды қолға алу керек. Жаңадан жаңалық ашпай, халықаралық тәжірибеге сүйеніп, бізге де пайдаланғанымыз дұрыс.

 Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу