Президент орталық және жергілікті атқарушы билікке жұмыс істеу тәсілін өзгертуді тапсырды
«Міндеттерді орындау үшін Үкіметке де, әкімдіктерге де тиісті құзырет берілген. Алайда, бұл мүмкіндіктер дұрыс қолданылмағандықтан реформаларды жүзеге асыру қарқыны бәсеңдеп кетті». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осылай деп, орталық және жергілікті атқарушы билікке жұмыс істеу тәсілін өзгертуді тапсырды. Бірнеше министрліктің қызметіне қатысты сын да айтылды. Жиында Президент еліміздің бір жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады. Ал алдағы уақытқа қандай міндеттер қойды? Оны Үкімет отырысына қатысқан тілшіміз Данияр Қайыртай баяндайды.
Данияр Қайыртай, тілші:
Жаңа Үкіметтің алғашқы отырысы 1 сағаттай бұрын аяқталды. Алдағы міндеттерге басымдық берілген жиында Президент елдің былтырғы экономикалық даму қарқынын қысқаша ғана қорытындылап берді. Өткен жылы экономикамыз 5,1 пайызға өскенін айтып, бастысы даму қарқыны бәсеңдемегенін алға тартты. Ал ендігі күш-жігер Жолдауда айтылғандай, 2029 жылға дейін экономика көлемін 450 млрд долларға жеткізуге бағытталу керек деді.
Данияр Қайыртай
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09
Жеңілдетілген ипотекаға сұраныс жоғары
08.09.2026, 20:06