Нью-Йорк босқындар орналасқан кешендерде коменданттық сағат енгізді. Басты себеп – келімсектердің ұрлау, тонау секілді қылмыстарды жасауы көбейген. Сондықтан АҚШ-тың ең ірі шаһары мигранттар орталықтарында әскери тәртіп енгізуге мәжбүр болды. Миграциялық дағдарысқа тап болған қаладан меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы тарқатсын.
Қазіргі кезде Нью Иорктегі 250 жуық босқындар орталығында мыңдаған мигрант тұрып жатыр. Шаһар әзірге оның бір бөлінде коменданттық сағат енгізіп, қадағалауды күшейтті. Жаңа ереже бойынша түнгі он бір мен таңғы алты аралығында көшеге шығуға тиыл салынды. Себебі, тек келімсектердің қолымен жасалатын қылмыс саны артқаны ғана емес, жергілікті тұрғындар үй-үйді аралап, қайыр сұраушылардың көбейгеніне де шағым айта бастаған.
Эдвин Мендоза, Экводарлық мигрант:
Бұл түнде жұмыс істейтін біз секілді адамдарға қиындық туғызып жатыр. Тапсырыс жеткізумен айналысымен. Оны әрең таптым. Жұмыс берушім мені тек түндегі жеткізу қызметіне шақырады. Отбасымды асырауым керек. Енді не істерімді білмей тұрмын.
Ал шаһарда миграциялық дағдарыс ушыға түсті. Себебі, келімсектер саны толастамай тұр. Елдің оңтүстік шекарасын заңсыз кесіп өткен мигранттарды Техас штаты АҚШ президентінің көші қон саясатына наразылық ретінде демократтар басқаратын қалаларға күн сайын лек легімен жіберіп жатыр. Нәтижесінде бір Нью Иорктың өзіне екі жылға жетер жетпес уақыт аралығында екі жүз мыңға жуық босқын келген. Қала мэрі Техас штатына шара қолдана алмаса да келістерді тасыған компанияларды сотқа беріп жатыр.
Эрик Адамс, Нью-Йорк қаласының мэрі:
Бүгін біздің әкімшілік Техас губернаторының Нью-Йоркке ондаған мың мигрантты тасымалдауға қатысқан 17 компанияның үстінен сотқа шағым түсірдік. Олар штаттың заңын бұзды. Сондықтан бұл компаниялар өздері әкелген мигранттарды күтуге жұмсаған $700 млн-ға жуық қаржымызды өтеуі тиіс.
Қала арнайы орталықтар аздық еткен соң бірқатар қонақ үйді, тіпті кебір мектептердің спорт залдарын босқындарға босатып берген. Бірақ, мұның өзі мәселені толық шеше алмады. Мыңдаған адам қыстың көзі қырауда жұқа шатырларды паналауға мәжбүр.
Жалғас Сәдібекұлы