Ақмола облысында аудандық білім бөлімінің басшысы жұмыстан шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында аудандық білім бөлімінің басшысы жұмыстан шығарылады

06.02.2024

Ақмола облысында жол апатына ұшыраған оқушыларды рұқсатсыз, әрі тәртіп сақшыларының бақылауынсыз сайысқа жібергені үшін аудандық білім бөлімінің басшысы жұмыстан шығарылады. Тағы бірнеше маман жауапкершілікке тартылмақ. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы хабарлады. Еске салсақ, төртінші ақпан күні оқушылар мінген шағын автобус жол апатына ұшырап, бір адам қайтыс болды. 15 жолаушы ауруханаға жеткізілген. Оның сегізі бала. Олар Көкшетау қаласында өткен Жайдарман ойындарынан кейін жолға шыққан. Мертіккен екі оқушы облыс орталығындағы ауруханаға ауыстырылды. Оларға операция жасалуы мүмкін. Тағы үшеуі аудандық емдеу мекемесінде ем алып жатыр. Қалғандары үйлеріне жіберілді.

Шоқан Оразалин, облыстық білім басқармасының басшысы:

Аудан басшысы білген. Бірақ бізге облысқа оны хабарламаған. Ондай іс-шара өткізіп жатқандығын. Менің өзімнің бұйрығым болған. Ауылдың, қаланың сыртына шыққанда балаларды полицияның сопровождениясыз ешқайда шығармауы туралы. Бірақ ол менің бұйрығымды өрескел бұзып, бұл балаларды рейсовый автобуспен жіберген екен.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу