«Елорда жастары» бағдарламасына құжат қабылдау бүгін тоқтайды. Алғашқы 4 тәулікте 500-ге жуық өтінім түскен. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі, Астанада кемі 1 жыл тұрған, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт, құқық қорғау журналистика саласында жұмыс істейтін, немесе жетім балалар санатына жататындар қатыса алады. Несиені 5 пайыздық мөлшерлемемен 25 жылға рәсімдеуге болады. Алғашқы жарна 10 пайыз. Баспананың құны 18 млн теңгеден аспауы тиіс. Құжаттар бүгін түнгі 00:00-ге дейін birge.astana.kz порталында қабылданады.
Сипат Бекжан, Астана қаласы әкімдігі тұрғын үй қорының қоғаммен байланыс маманы:
Біздің мекеме жіберілген өтініштерді 30 жұмыс күннің ішінде қарастырады. Толыққанды нәтиже жарияланғаннан кейін, ол тізімдердің барлығы «Отбасы банкіне» жіберіледі. Азаматта 10 күн болады. Яғни, ол 10 күннің ішінде төлем қабілеттігін растау қерек. Банк тарапынан төлем қабілеттігін растаған азамат, қолына уведомление ала алған, яғни, 60 күннің ішінде Астана қаласы бойынша бастапқы немесе қосалқы жарнадан тұрғын үйді алып, толықанды рәсімдеуді аяқтайды.
Жұлдыз Шалқарбек