Чилиде өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды
Чили тарихында болмаған алапат орман өртінен қаза тапқан адам саны 112-ге жетті. Марқұмдардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. 300-ден астам адам жоғалып кеткен. 6 мыңдай ғимаратқа зақым келген. Билік тілсіз жауға байланысты төтенше жағдай жариялады. Ұрлық пен тонауға жол бермеу үшін коменданттық сағат енгізілді. Тілсіз жаумен күреске 1400 өрт сөндіруші маман, арнайы ұшақтар мен тікұшақтар тартылған. Өрт кезінде зардап шеккендердің көбі - жағалаудағы Вальпараисо өңіріне жазғы демалыс кезінде барған туристер. Аймақта аптап ыстық пен қуаңшылық салдарынан 180-нен астам өрт ошағы тіркелді. От 50 мың гектардай аумақты шарпыған.
Ина Дель Мар, жергілікті тұрғын:
Өрт әп-сәтте ботаникалық саябаққа жетті. Он минуттан кейін жалын біз тұратын жерді шарпыды. Айналаны қара түтін басып, аспан көрінбей қалды. Сол сәтте екпінді жел соғып тұрған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Димаш Құдайберген продюсерлік еткен шоу Қытайда қаралымы жағынан абсолютті рекорд орнатты
09.02.2026, 21:01
«Пейіш- 2» фильмі көрерменге жол тартты
09.02.2026, 20:59
Қысқы Олимпиадада бүгін қандай жарыс түрлері өтті?
09.02.2026, 20:39
М.Мақатаев: Мен – XXI ғасыр ұрпақтарының құрдасымын
09.02.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Eco Quiz» ойыны өтті
09.02.2026, 20:21
Үкіметте Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды
09.02.2026, 20:20
Қонаев қаласында қатты жел соғып, ғимараттардың шатыры ұшты
09.02.2026, 20:20
Індет анықталған елді мекендерде карантин жарияланды
09.02.2026, 20:19