Алматыда биік ғимарат салуға шектеу қойылды
Алматының кейбір аумағында үш қабаттан асатын ғимараттар салынбайды. Бұл талап 10 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін аудандарға қойылып отыр. Ал бұған дейін биік ғимараттар салуға рұқсат алған компаниялар әрі қарай құрылысты жалғастыра береді. Әкімдік тарапы олардың санаулы екенін айтып отыр. Биыл бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобасында үйлердің арақашықтығы да өзгерген. Енді 5 қабатқа дейін үй салатын компания олардың арасын 20 метрден кем қылмауы керек. Ал 12 қабатқа дейін нысан тұрғызуды көздеген мердігерлер екі үйдің арасын 30 метр алшақ салуы қажет.
Жанат Айтілеу, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ ЖШС бөлім басшысы:
Алматының аумақтарында әр жерінде әртүрлі қабатты үйлер, ғимараттар салынуы керек. Мысалы, Әл-Фараби даңғылынан жоғарыға қарай тау жаққа қарай келетін болсақ, ол жақта 3 қабаттан биік болмауы керек. Ал әл-Фараби мен Абай даңғылының арасы 9 қабаттан биік болмауы керек. Ал тарихи орталықта қалыптасқан биіктік 5 қабат. Сол жерде де 5-6 ғимараттан биік болмауы керек. Ал енді Райымбек даңғылының төменгі жағында көбіне 10 балдық аймақ, ол жерде топырақ осал және жер асты су биік орналасқан. Сондықтан, көбінесе сол 6 қабаттан биік болмауы керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алтын – Емел ұлттық паркінде алғаш рет борсық фототұзаққа түсті
07.12.2025, 20:43
Мүгедектігі бар адамдарды қорлағандарға қылмыстық жауапкершілік бар ма?
07.12.2025, 20:30
Севоранмен бірден қанша тіс емдеуге болады?
07.12.2025, 20:28
Мемлекеттік тапсырыспен салынған құрылыстың сапасына кім жауапты?
07.12.2025, 20:20
Д. Кушнердің Мәскеу сапары: Нәтиже қандай?
07.12.2025, 20:06
5 мыңнан астам қазақстандық студент пен оқытушы ЕО елдерінде білімін жетілдіруге мүмкіндік алды
07.12.2025, 20:05
Мораторий аяқталғанда АИ-92 маркалы бензин бағасы қанша пайызға қымбаттайды?
07.12.2025, 20:00
Енді азаматтар зейетақы жинағын көзін емдетуге пайдалана алмайды
07.12.2025, 19:58