«Алтын орда» базары директорының бұрынғы орынбасары сотталды
«Алтын Орда» базарының бұрынғы директорының орынбасарына қатысты сот үкімі шықты. Алматы облысы, Қарасай аудандық сотының шешімімен Ермек Марқабаев 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушыға аса ірі мөлшерде есірткі заттарын иемдену, сақтау және тасымалдады деген айып тағылған. Күдікті сот отырысына онлайн қатысты.
Еске салайық, кәсіпкер былтыр маусым айында «Алматы-Бішкек» тас жолында ұсталып, қамауға алынған. Полиция оның қалтасынан психотроптық зат табылды деп мәлімдеген.
Мәди Көшікбаев, Қарасай аудандық сотының судьясы:
Ермек Марқабаев кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қауіптілігі орташа мекемеде өтейтін болады. Сот үкімі шыққанға дейінгі қамауда отырған әр күні бір жарым күн болып есептелсін. Сотталушының тәркіленген көлігі мен ұялы телефоны әйеліне қайтарылсын. Үкіммен келіспеген жағдайда 15 күн ішінде аппеляциялық арыз түсіре алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Педагогтерді бағалау жүйесі өзгерді: Жаңа тәртіп қандай?
19.04.2026, 22:54
Бастапқы жарна көп болса, ипотека пайызы төмендей ме?
19.04.2026, 22:42
ҰБТ жүйесі: Грантқа түсу шарттары қалай өзгереді?
19.04.2026, 21:26
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04