Басты Жаңалықтар Күн сауалы: Қай министрдің жұмысы есіңізде қалды?

Күн сауалы: Қай министрдің жұмысы есіңізде қалды?

Қай министрдің жұмысы есіңізде қалды? Осы сауалды біз әр өңірдегі тұрғындарға қойған едік. Халық пікіріне назар салсақ...

– Ұлттық банктен беріліп жатқан балаларға 18 жасқа дейін солысы ұнап жатыр. Халықты жұмыспен қамтамасыз етеді.

– Біздің дәрігерлеріміздің жалақасы біраз өсті. Зейнетақымызда көбейді. Бұл өте жақсы ғой, балаларға да көмек беріп жатыр. Өте қуанышты хабарлар ғой.

– Еңбек әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігі соңғы кезде халыққа бір жағдайлар жасағандай болып жатыр. Медицина саласы, төтенше жағдайлар министрлігі әрқашанда бір еліміздегі бір қандай да болмасын ситуацияларға дайын болған жоқ. Мысалға алатын болсақ, Абай өрті, Алматыдағы жер сілкінісі.

– Менің енді есімде қалғаны осы жаңадан құрылған су шаруашылығы министрлігі оның министрі осы Нұржан Нұржігітов мырза. Ол осы жақында Қырғызстанмен келісім шартпен отырып, осы биылдыққа су тапшылығы болмайтына сендірді. Енді осы жылы нәтиже күтеміз.

– Басқа осы кезге дейінгі болған Үкіметтерге қарағанда жақсы жұмыс істеді десек болады. Кейбір драйверный министірліктер болды. Менің ойымша кейбір министрлерді әлі де қалдыру керек. Өйткені олардың алда қойып қойған жоспарлары бар.

– Білім саласында үлкен өзгерістер бар. Оқу-ағарту министрлігі біршама жұмыстар атқарып жатыр. Мұғалімдерге жақсы қолдау көрсетіп жатыр. Жалақыларын көтерді. 

Бөлісу