Шағын және орта бизнеске 900 млрд теңге несие беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын және орта бизнеске 900 млрд теңге несие беріледі

05.02.2024

Биыл шағын және орта бизнеске 900 млрд теңге несие беріледі. Үкімет елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бизнесті қолдаудың жаңа тәсілдері әзірленді. Ал жаңа Салық Кодексінде түрлі жеңілдіктер қарастырылған.

Салық төлемдерінің саны 20%-ға, есеп беру 30%-ға қысқарады. Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар 3 жылға салық төлеуден босатылады. Бизнес жүргізу шарттары жеңілдеді. 10 мыңнан астам артық талап алынып тасталған. Тексеру 2 есе азайды. Жалпы бүгінде шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 10 пайызға артып, 4,3 млн адамға жеткен. Бұл еліміздегі еңбекке қабілетті азаматтардың 45 пайызы. Өткен жылдың 9 айында жалпы ішкі өнімдегі кәсіпкерліктің үлесі 36,5 пайызға өсті.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу