Елімізде әрбір үшінші азамат айлыққа дейін несие алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әрбір үшінші азамат айлыққа дейін несие алады

05.02.2024

Әрбір үшінші отандасымыздың тапқан табысы келесі айлыққа жетпейді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүргізген сауалнамаға 3 мың адам қатысқан. Ведомство осындай қорытындыға келген. Қазір елімізде «Қарызсыз қоғам» жобасы іске қосылды. Мақсат – курс оқытып, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру. 65 мың қазақстандық тегін оқудан өткен. Кәсіп ашып, оны игеріп кеткендер де бар.
Қазір онлайн несиені оңай рәсімдеуге болады. Микрокредиттік ұйымдардың да саны көп. Ресми дерекке сүйенсек, тұтынушылық несие алатындар жылдан жылға көбейіп келеді. Экономистер мәселені шешудің бір жолы - әлеуметтік төлемдерді көбейту дейді.

Сапарбай Жобаев, экономист:

Статистикалық деректерге сүйенетін болсақ, несие алып, оны қайтара алмайтындардың жартысы мұқтажбыз деп айтқан, жартысының әр нәрсені кредитке ала беруге құштарлығы. Кейін қандайда бір жағдай болғанда жағдайы жетпегеннен кейін, несиені жабу үшін несие алатындар бар. Мұны қалыпты жағдай демеймін. Неге?Себебі, жаңағы айлыққа дейін несие алушылар өте аз болуы керек. 1 млн жақын ғана болу керек. Бұл 3 млн көбірек... Ол үшін әлеуметтік төлемдер беру мәселесін көбейту керек бюджеттен.

Несиені несиемен жабатын азаматтар үшін қазір «Қарызсыз қоғам» жобасы бар. Еліміздің 8 өңірінде мамандар халыққа қаржыны сауатты басқаруды үйретеді. Алматы, Түркістан қалалары мен Жамбыл, Солтүстік және Батыс Қазақстан облысында 65 мың адам курстан өткен. «Нәтижесінде кәсіп бастап, оны игеріп кеткендер көп», - дейді жоба меңгерушілері.

Дулат Мыңбаев, «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы:

Қазіргі уақытта қарап отырсаңыз статистика бойынша жалпы студенттердің 80 пайызында бастарында несие бар. Оны ата-аналардың бірі білсе, бірі білмейді. Жиырма регион толығымен 150 қаржы сарапшылары тартылып отыр. Жоспарымыз 750 мың адамды оқытып шығару. Қаржылық сауаттылық жастарға да биылғы жылы оқытамыз деп отырмыз. 200 мың студенттерді оқытсақ деген жоспарымыз бар 750 мың адамның ішінде 350 мың мектеп оқушылары да қамтылып отыр.

Аида Ахметбек, тілші:

Айлығын шайлығына жеткізе алмай, несие алуға әуестердің басым бөлігі эмоцианалды саудагерлер. «Сондықтан қарызсыз өмір қаржыны сауатты басқарудан басталады», - дейді мамандар.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу