Чилиде өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилиде өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды

05.02.2024

Чили тарихында болмаған алапат орман өртінен қаза тапқан адам саны 112-ге жетті. Марқұмдардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. 300-ден астам адам жоғалып кеткен. Өрт кезінде зардап шеккендердің көбі - жағалаудағы Вальпараисо өңіріне жазғы демалыс кезінде барған туристер. Аймақта аптап ыстық пен қуаңшылық салдарынан 180-нен астам өрт ошағы тіркелді. 6 мыңдай ғимаратқа зақым келген. Билік тілсіз жауға байланысты төтенше жағдай жариялады. Ұрлық пен тонауға жол бермеу үшін коменданттық сағат енгізілді. Тілсіз жаумен күреске 1400 өрт сөндіруші маман, арнайы ұшақтар мен тікұшақтар тартылған.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу