Оралда тіркеуден өтіп үлгермеген шетелдік көлік иелері утиль алымның ақысын төмендетуді сұрайды
Оралда тіркеуден өтіп үлгермеген шетелдік көлік иелері утиль алым мен алғашқы жарна төлемін азайтуды сұрайды. Жиынға қатысушыларға полиция мен мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері түсінік берді. Тұрғындардың айтуынша, кейбірі бұрынғы, енді бірі 2023 жылдың бірінші қыркүйегінен кейін алған шетелдік нөмірлі көліктерін тіркей алмай отыр. Өйткені төлем тым қымбат, алған көліктің бағасымен бірдей.
Нұрлан Қазмағанбетов, қала тұрғыны:
Біздің бір талабымыз - страховкамен заңмен жүрсін десеңіз, утиль мен первичканың қақысын түсіріп берсін бізге. Халықтың қалтасы көтеретіндей етіп түсіріп берсе, біз бәріміз де кезекке тұрып аламыз соны. Автосалоннан кредитке алады, бірге бір қосып қайырады. Ол мәшинаның несиесін жауып болғанша состояниесі кетіп қалады.
Шетелдік көліктерді тіркеу былтыр жыл басынан басталған еді. Сол кезден бері облыста 23 мыңға жуық шетелдік көлік тіркелген.
Жанболат Жаншин,облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
Қыркүйектен кейін кірген автокөліктерді өздеріңіз біле тұра алып, тіркеуге қойыңыздар дейсіздер. Ол дұрыс емес. Шекараны жаба алмаймыз, себебі әр азамат автокөлікті айдап келе алады. Страховкаға он күн беріледі. Сол он күн ішінде сіздер кедендік баж төлеп, көлікті тіркеуге рұқсат беріледі.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ҰБТ жүйесі: Грантқа түсу шарттары қалай өзгереді?
19.04.2026, 21:26
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04