Ботақарадағы жарылыс: 9 отбасының жалдамалы пәтер мәселесі шешілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ботақарадағы жарылыс: 9 отбасының жалдамалы пәтер мәселесі шешілген

02.02.2024

Қарағанды облысының Ботақара кентінде тұрғын үйде болған газ жарылысынан зардап шеккен бала нейрохирургия бөлімшесінде ем қабылдауда. Жағдайы орташа ауыр. Ал денелерін күйік шалған екі Өзбекстан азаматы аудандық ауруханада әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастарға барлық медициналық көмек көрсетілуде. Тұрғын үйде болған апаттан зардап шеккен 12 отбасыны баспанамен қамту жұмыстары қолға алынған. Қазір 9 жанұяның жалдамалы пәтер мәселесі шешілген. Қалған 3 отбасы ерікті түрде бас тартып, туыстарының үйіне орналасқан.

Айжан Әбікеева, Ботақара кентінің тұрғыны:

Айтты ғой бізге жалдамалы пәтер барлығын бөлеміз деп. Мен айттым енді әке-шешем үйге келіп тұр деп жатыр деп. Үй алғанша сол жалдамалы пәтер іздестіреміз ба деп ойлап тұрмыз. Өйткені мына үйде де кішкентай балалар бар. Өзімде де екі кішкентайым бар. ))

САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ КЕЛЕР АПТА ДАЙЫН БОЛАДЫ

ТҮЙІН Бұқар жырау ауданында жарияланған жергілікті сипаттағы төтенше жағдай зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жөнінде арнайы комиссия құрылды. Әр отбасына келген шығын есептелуде.Үйдің сараптама қорытындысы келер апта дайын болып қалады,-дейді мамандар.

Нұрлан Есентаев, Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары:

Үкіметтен жаңағы үйді бөлгенше, әлде салып бергенше біз жаңағы арендасын өзіміз төлейміз. Бізде өзі комиссия құрылған сол комиисияның шешімі бойынша жаңағы апат болған үй жарамсыз еп белгіленсе, онда басқа үй сатып алып беруге қаражатымыз бар. 


Хабарламаларға жазылу