Еуропалық Одақ Украинаға 50 млрд еуро бөледі
Еуропалық Одақ Украинаны қолдауға 50 млрд еуро бөледі. Брюссельде өткен арнайы саммитте Одаққа мүше 27 мемлекеттің көшбасшылары осыған уағдаласты. Алдағы үш жылға арналған қаржының 17 млрд еуросы тікелей көмек ретінде, ал 33 млрд еуро несие ретінде берілмек. Қаражаттың басым бөлігі мемлекеттік бюджетке бөлініп, бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалмақ. Сондай-ақ, Еуропалық Одақ «Ukraine Facility» бағдарламасы аясында ел экономикасын көтеруге және Украинаның ЕуроОдаққа мүше болуына қажетті реформаларды жүзеге асыруды көздеп отыр.
Шарль Мишель, Еуропалық кеңес төрағасы:
Біз Ресейдің мұздатылған активтерінен түскен кірісті Украинаны қайта қалпына келтіруге жұмсау туралы саяси шешімді құптаймыз. Бұл бағытта жұмыс жалғасады. Украинаның бостандығы мен болашағы үшін көмекті аямаймыз.
Урсула Фон Дер Ляйен, Еуропалық комиссия төрағасы:
Біз Украинаның әскери күштерін қолдауды жалғастырамыз. Осы уақытқа дейін Еуропалық Одақ 28 млрд еуроның әскери техникасын берген болатын. Оның саны тағы көбейтеміз. Наурызға қарай 520 мың артелериялық жарылғыш жеткіземіз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09