Майқайыңдағы апаттан қаза болған құтқарушылардың банктегі қарыздары кешіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майқайыңдағы апаттан қаза болған құтқарушылардың банктегі қарыздары кешіріледі

02.02.2024

Майқайыңдағы апаттан қаза болған құтқарушылардың отбасыларының несиесі кешіріледі. Сақтандыру өтемақысын төлеу де қарастырылмақ. Жұмыс беруші коммуналдық қарыздарды да өтемек. Кәмелетке толмаған балалары барларға орташа айлық жалақы мөлшерінде сақтандыру өтемақысын белгілеу қарастырылмақ. Бул туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Facebook-теri паракшасында жазды. Ұлттық арнаның кешегі қорытынды жаңалықтарында марқұмдардың отбасылары 4,5 млн теңге көлемінде белгіленген жәрдемақыны толық алмағандары жайлы материал шыққан болатын. Тағы бір айта кетері, апат болған аумақта қазір шыңырауға құлаған автобус жүргізушісі мен тағы бір құтқарушы іздестіріліп жатыр. «Табылған жағдайда олардың отбасыларына да тура жоғарыда айтылғандай көмек көрсетіледі», - деді өңір басшысы.


Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу