Бішкектің жылу орталығында жарылыс болды
Бішкектегі жылу электр орталығында апат болды. Қаладағы қазандықтардың бірі жарылған. Апат түнгі 03:00 шамасында болған. Салдарынан Бішкектің оңтүстік аумағы бүгін ыстық су мен жылусыз отыр. Ал мектептер мен балабақша 5 ақпанға дейін онлайн оқуға көшті. Ауруханадағы жоспарлы операциялар кейінге қалдырылды. Әзірге апаттың неден болғаны белгісіз. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті жылу орталығына диверсия жасалған болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармайды.
Насипбек Керимов, Қырғызстанның энергетика министрінің орынбасары:
Шамамен жылу орталығының 14-ші қазандығында жарылыс болған. Қазір тиісті комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Қаланың ыстық су мен жылыту жүйесін екі-үш күнде қалпына келтіреміз. Апатқа қарамастан кейбір аудандарға жылу төмен температурамен үзіліссіз беріліп жатыр. Электр жарығымен проблема жоқ.
Апат кезінде жылу электр орталығындағы 5 қызметкер жарақат алды. Оның екеуінің жағдайы ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03