Түркістан облысында түз тағысы малшыларға маза бермей жатыр
Түз тағылары малшы ауылдарға маза бермей тұр. Топтасқан жыртқыштар Отырар ауданындағы елдімекендердің жайылымда жүрген төрт түлігіне шапқан. «Сырдария өзенінің жағасынан күн сайын малдың өлексесін тауып алып жатырмыз», - дейді ауыл тұрғындары.
Қыстақтардағы малшылар да түз тағыларының жылқылар мен ірі қараларға ауыз сала бастағанын айтады. Жергілікті халық аш бөрілер мен шибөрілерді өздігінше ата алмай отыр. Себебі олардың жүретін аумағы «Сырдария-Түркістан» ұлттық паркіне қарайды. Онда оқ атуға тыйым салынған. Көкжалмен күресуге шамасы жетпеген шаруалар енді жергілікті биліктен көмек сұрап отыр. Қазір ауданда осы жағдайға байланысты арнайы штаб құрылып, жыртқыштарды атуға рұқсат алу мәселесі қаралып жатыр.
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында қоқыс өңдейтін 3 кешен салынып жатыр
14.10.2026, 13:20
Су үнемдеу жабдықтарын шығаратын зауыттар саны артты
14.10.2026, 13:17
Жаркенттегі перзентхананың мүмкіндігі артты
14.10.2026, 13:15
Петропавлда дәрігерлер әйелдің құрсақ қуысынан 10 келілік ісікті алып тастады
14.10.2026, 13:13
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті
14.10.2026, 13:10
Франциядағы шерушілер 161 мыңнан асып кетті
14.10.2026, 13:08
Ресейде смартфондар мен ноутбуктерге алым енгізілді
14.10.2026, 13:07
Цифрлық мәліметтерді қорғау – өте маңызды
14.10.2026, 13:05