Әлихан Смайылов Қырғызстан үкіметінің басшысымен кездесті
Қазақстан мен Қырғызстан су саласында ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Әлихан Смайылов Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен келіссөз жүргізді.
Кездесу Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы қарсаңында өтті. Үкімет басшылары қысқа мерзімде қазақ-қырғыз шекарасында жүк көлігі үшін қосымша өткізу бекетін ашу мәселесін пысықтады. Мұнай-газ және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жағын талқылады.
Қос ел арасындағы тауар айналымы былтырғы 11 айда 12%-ға өсіп, 1,3 млрд долларға жеткен. Қазір сауда көлемін 2 млрд долларға жеткізу бағытында жұмыс жүріп жатыр.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Қырғызстан біз үшін стратегиялық әріптес, бауырлас мемлекет. Елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен жөн. +Қазақстан Үкіметі барлық бағыттар бойынша Қазақстан-Қырғыз стратегиялық әріптестігін әрі қарай қолдауға дайын.
Ақылбек Жапаров, Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы:
Қазір Қазақстан мен Қырғызстанның мәмілелері, саяси диалогтары жоғарғы деңгейін растайды. + Біз Қазақстанмен өзара сенімге, түсінісуге негізделген саяси мәмілелерді бұдан әрі де тереңдетуге қызықтармыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында қоқыс өңдейтін 3 кешен салынып жатыр
14.10.2026, 13:20
Су үнемдеу жабдықтарын шығаратын зауыттар саны артты
14.10.2026, 13:17
Жаркенттегі перзентхананың мүмкіндігі артты
14.10.2026, 13:15
Петропавлда дәрігерлер әйелдің құрсақ қуысынан 10 келілік ісікті алып тастады
14.10.2026, 13:13
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті
14.10.2026, 13:10
Франциядағы шерушілер 161 мыңнан асып кетті
14.10.2026, 13:08
Ресейде смартфондар мен ноутбуктерге алым енгізілді
14.10.2026, 13:07
Цифрлық мәліметтерді қорғау – өте маңызды
14.10.2026, 13:05