Сиань қаласындағы құрғақ портта жүк терминалының құрылысы аяқталды. Мемлекет басшысының қабылдауында болған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев осылай деп мәлімдеді. Қытайдың ең ірі логистикалық хабында орналасқан бұл терминал елімізге тұрақты түрде тасымалдауды қамтамасыз етеді. Бұл отандық экспорттаушылар үшін де тиімді. Нұрлан Сауранбаев, «Достық-Мойынты», «Алматы» станциясын айналып өтетін теміржол желісінің 350 шақырымы салынғанын хабарлады. Сонымен бірге, әлемдік Huawei, Wabtec және PSA секілді жетекші компаниялармен бірге «Ақылды теміржол» жобасы жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл отын шығынын азайтуға және пойыздардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді
Нұрлан Сауранбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
Бүгін Мемлекет басшысына 2023 жылғы жұмысы, ірі жобаларды іске асыру және осы жылға арналған жоспарлар туралы есеп бердім. Өндіріс көрсеткіштері оң динамиканы көрсетіп отыр. Жүк айналымы 270 миллиард тонна-километрге жетті. Локоматив паркін белсенді түрде жаңарту жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа теміржолдар кестеге сай жүзеге асырылуда. Президент Қазақстанның көліктік-транзиттік потенциалын дамытуға ерекше назар аударды.