Инвесторлардың құқығын қорғау күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инвесторлардың құқығын қорғау күшейтіледі

01.02.2024

Қазақстан инвесторлардың құқығын қорғау жұмысын күшейтіп жатыр. Елімізге қаржы құям деген барлық кәсіпкер ақшасының қауіпсіз бағытқа салынғанына және ол табыс әкелетініне сенімді болуы керек. Осы жұмыстарды реттеу үшін Үкімет деңгейінде арнайы комиссия да құрылған. Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігі бірлесіп, өзге органдардың жұмысын үйлестіреді. Мүдделі мемлекеттік орган өкілдері кедергіге тап болған кәсіпорынға немесе аймаққа барып, әкімдіктермен бірге мәселені шешеді.

Сұлтанғали Кинжақұлов, ҚР СІМ инвестиция комитеті төрағасының орынбасары:

Жалпы инвестициялық штаб 2021 жылдан бастап 19 отырыс өткізді. 19 отырыстың шеңберінде 135 проблемалық мәселе шешіліп, 95-100-ге таман тиісті тапсырмалар берілді.

Осылайша 1,4 трлн теңгенің мәселесі шешілген. Инвесторлардың құқығы халықаралық деңгейде қорғалуы үшін Қазақстан 50-ден астам елмен инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау келісіміне қол қойған. Енді жыл сайын 3-4 елмен әріптестікті құжат жүзінде бекіту жоспарланып отыр.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу