Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейту керек – Сенатор
Денсаулық сақтау қызметкерлеріне кедергі келтірмеу үшін олардың мәртебесі әскер және полициямен теңестірілуі керек. Сенат депутаты Амангелді Толамисов жедел жәрдем жүргізушісінің соққыға жығылуына байланысты осындай ұсыныс жасады. «Медицина мамандарына күш көрсеткендерге жазаны қатаңдату қажет»,- дейді. Сенатордың айтуынша, қазіргі уақытта дәрігерлерді қорғайтын арнайы заң ережесі жоқ.
Амангелді Толамисов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Жедел жәрдем көліктерін регистраторлармен жабдықтау маңызды және медициналық мекемелердегі ақ халатты абзал жандардың, емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді жоспар қабылдануы тиіс. Медицина қызметкерлерінің өз қызметтік міндеттерін орындау барысында денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін құқық бұзушылықтар үшін арнайы жаза тағайындау мақсатында заңдық нормалар қабылдауды сұраймыз.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында қоқыс өңдейтін 3 кешен салынып жатыр
14.10.2026, 13:20
Су үнемдеу жабдықтарын шығаратын зауыттар саны артты
14.10.2026, 13:17
Жаркенттегі перзентхананың мүмкіндігі артты
14.10.2026, 13:15
Петропавлда дәрігерлер әйелдің құрсақ қуысынан 10 келілік ісікті алып тастады
14.10.2026, 13:13
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті
14.10.2026, 13:10
Франциядағы шерушілер 161 мыңнан асып кетті
14.10.2026, 13:08
Ресейде смартфондар мен ноутбуктерге алым енгізілді
14.10.2026, 13:07
Цифрлық мәліметтерді қорғау – өте маңызды
14.10.2026, 13:05