Өзбекстанда цемент зауыттарын салуға тыйым салынады
Өзбекстанда цемент зауыттарын салуға мораторий жариялануы мүмкін. Бұл туралы елдің экология министрі айтты. Оның сөзінше, осы өнімді шығаратын 47 зауыттың 23-і қазір жұмысын тоқтатқан. 25 кәсіпорынды тексеру кезінде олардың 90%-ның экологиялық талаптарды бұзғаны анықталды.
Ауаны ластап жатқан нысандар керісінше жасыл желекті көбейтуге міндеттеледі. Яғни, құрылыс материалдары мен энергия өндіруші кәсіпорындар, металлургиялық зауыттар аумағы 5 гектардан кем емес жерге ағаш отырғызуы тиіс. Ташкентте ауаның сапасын көрсетіп тұратын арнайы мониторлар орнатылады. Ауыр жүк көліктері мен шығарылғанына 10 жылдан асқан машиналардың жүруі шектеледі.
Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан республикасының президенті:
Қала құрылысы мен жол қозғалысына жауапты барлық деңгейдегі басшылар «Жаяу жүргіншілерге арналған қала» ұранын басты қағида ретінде ұстануы тиіс. Бұл ретте қоғамдық көлікке басымдық берілсін. Ал автокөліктер тек сән-салтанатқа айналуы керек.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14