Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мекемесінің Шымкенттегі филиалында жер телімдерін заңсыз рәсімдеу жәйттерін анықтады.
Бейнекөріністен қарулы жасақтың мекемені тінту үшін ғимарат есігін бұзып, талқандап кіріп жатқанын көруге болады. Бұл жәйт былтыр болғанымен ҰҚК-і ресми ақпаратты енді ғана таратты.
Мәлімдемеде халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарына ақпаратты заңсыз жою және оны модификациялау бабы бойынша іс қозғалғаны айтылған. Тінту барысында орталықтан жер кадастрына байланысты біраз құжат алынған. Әзірге оның нақты нендей ақпарат екені белгісіз. Орталық мамандарының іс-әрекетіне байланысты қозғалған бап бойынша олар 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалауы мүмкін. Немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ғани Қалмаханов