Ерекше баласы бар аналар жеке бизнес ашуды оқытатын тегін курстан өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерекше баласы бар аналар жеке бизнес ашуды оқытатын тегін курстан өтеді

01.02.2024

Елімізде ерекше баласы бар аналар жеке бизнес ашуды оқытатын тегін курстан өтеді. Былтыр Алматыда басталған пилоттық жобаға биыл Астана, Өскемен, Қостанай мен Шымкент қалаларының тұрғындары қатыспақ. Негізгі мақсат ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарды кәсіпкерлікке үйрету. Оларға 5 ай бойы алдымен психологиялық көмек көрсетіледі, әрі әйелдер құқықтық сауатын ашады. Сондай-ақ олар бизнес жоспарды жазуды меңгереді. Содан кейін келіншектерге кәсіпкерлерге берілетін гранттар мен түрлі байқауларға қатысатын бағдарламалар ұсынылады. Мәселен, былтыр Алматыда курсқа қатысқан 22 ана шағын кәсібін ашқан.

Гүлнар Омарова, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі:

Бұл жерде ең бастысы аналарды профориентациялық кеңес болды, әрбір ананың қандай өзінің мүмкіндіктері бар екенін қараймыз. Аналардың бірі көрпе пішеді, біреуі зергерлік бұйырдар жасай алады. Сол аналарға СММ жағынан қалай өзін жарнамалауды үйретеміз. Бұл жоба қаражат жағынан да отбасына көмек болатынын түсінді.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу