Қазақстан мен Псков облысы әріптестікті жандандырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Псков облысы әріптестікті жандандырмақ

31.01.2024

Қазақстан мен Псков облысы әріптестікті жандандырмақ. Еліміздің Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Псков облысына жұмыс сапарымен барып, ынтымақтастықты бекіту жолдарын қарастырды.

Индира Бегайдар, тілші:

Псков облысы Қазақстанмен барлық салада әріптестікті жандандыруға ниетті. Ауыл шаруашылығы, экономика, туризм, мәдениет салалары бойынша ортақ жобаларды жүзеге асыру маңызды. Сонымен қатар өңір басшылығы Ақтөбе облысымен де алыс-берісті арттыруды көздеп отыр.

Псков Ресейдің солтүстік-батысында орналасқан. Бұл өңірде өнеркәсіп саласында 200-ден астам ірі және шағын кәсіп орын жұмыс істеп тұр. Қазақстанмен 2021 жылы өзара сауда айналымы 21 миллион доллардан асты. Алайда бар әлеуетті толық пайдаланып, әріптестікті тереңірек кеңейту қажет. Оған барлық мүмкіндік бар.

Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:

Жалпы осы екіжақты өңірлердің дамуына байланысты кездесулер өткізіп, әртүрлі салада, туризм саласы. Псков облысында өнеркәсіп өте жақсы дамыған. Әсіресе, екі қаласында өнеркәсіп деңгейі өте жоғары. Сондықтан осы салада біз келісімдерге қол жеткіздік.

Өңір басшылығы қазақстандық делегацияны облыстағы арнайы экономикалық аймаққа, электротехникалық кластеріне және басқа да өндірістік алаңдарға шақырды. Ал инвестиция тарту-ел игілігі үшін маңызды қадам.

Михаил Ведерников, Псков облысының губернаторы:

Біздің байланыстарымыз тек нығая түседі деп сенемін. Өнеркәсіптік өндіріс саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында Псков кәсіпкерлерінің бизнес-миссиясын ұйымдастыруға болады. Бұл делегацияны өзім бастап баруға дайынмын.

Мәдени-гуманитарлық байланыстар, білім беру саласында да ірі ,ілкімді жобалар жүзеге асырылмақ.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу