1 ақпаннан бастап «Сәлем, Европа!» фильмі прокатқа шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 ақпаннан бастап «Сәлем, Европа!» фильмі прокатқа шығады

31.01.2024

Ертеңнен бастап отандық көрермендердің назарына «Сәлем, Европа!» жаңа фильмі прокатқа шығады. Шым-шытырыққа толы туынды отбасылық құндықтарды дәріптейді. «Күлкіге қарық болып қана қоймай, терең ойға да шомып қайтасыз»,- дейді шығармашылық топ.

Әке-шешесі жол апатына түсіп, жастайынан тұл жетім қалған Ермек, тұрмыстың тауқыметін көрмей өседі. Баланы жетімсіретпеген өзінің қамқор ата-әжесі. Олар зерек боп өскен немересін Европаға оқуға түсіру үшін бар жиған-тергенін береді. Уақыт өте оқуын сәтті аяқтаған немересі, ата-әжесін диплом алу кешіне шақырады. Шым-шытырыққа толы оқиға дәл осы жерде өрбиді.

Ерлан Құлмурзин, актер:

Бұл фильмде мен Ермек атты кейіпкерді сомдаймын. Ата-әжесінің баласы, бұл фильмде ең бірінші отбасылық құндылықтарды қозғайды, дәріптейді. Сол себепті келіңіздер, көріңіздер, бағасын беріңіздер. Бұл жерде тек комедия емес, бұл мағынасы өте зор керемет жобалардың бірі десек болады.

Бұл кино қазақ пен қырғызға ортақ. Бірлесіп түсірілген туындының басты рөлін отандық танымал актерлар - Бауыржан Қаптағай мен Ерлан Құлмұрзин, сондай-ақ Қырғыз Республикасының Халық әртісі - Айтұрған Темірова сомдайды. Былтыр қараша айында картина Қырғызстанда прокатқа шығып, көрермен зор ықыласпен қабылдап еді.

Бауыржан Қаптағай, актер:

Жұмыс сондай жақсы жүрді. Костюмі де орнында, тамағы да орнында, гримі де орнында, операторы да бәрі-бәрі, тек қана ыммен ғана анау қайда мынау қайда болды, жұмыс. Актерлерді қинамайды, сені апарып 2-3 сағат алдында отырғызып қоймайды, тура дайын болғанда бастайды, болды. Ауылды жерде болды, онда жақсы ғой. Қалалы жер Таллинде де өте жақсы керемет болды.

Шолпан Батырбаева, фильмнің продюсері:

Бұл халықаралық жоба болды. Бұл қазақ пен қырғыз бірігіп түсірген фильм. Бұл жерде отбасылық құндылықтарды насихаттаймыз деп айтсақ болады. Неге десеңіздер ұл ата мен әже тіл білмей ақшасыз кәдімгі кішкентай бір ауылдың тұрғындары шетелге барып, шетелге жетелеген тек бір ғана немересіне деген махаббаты. Фильм барысында біз бір жылдай жұмыс істедік. Түсірілім мерзімі 2 жарым ай болды. Түсірілім Эстонияда, Қырғызстанда және Қазақстанда болды.

«Фильм отбасымен бірге көруге арналған. Әсіресе киноны ата-әжелеріңізбен бір тамашалуға келіңіз»,- дейді шығармашылық топ.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу