АҚШ билігі «Ресей активтерін тәркілеу туралы» заң жобасын қолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ билігі «Ресей активтерін тәркілеу туралы» заң жобасын қолдады

31.01.2024

АҚШ билігі Ресей активтерін тәркілеу туралы заң жобасын қолдады. Яғни, көрші елдің бұғатталған миллиардатаған долларын Украинаға беруге дайын отыр. Бірақ, Мәскеу мұндай әрекет ұрлық болып саналады деп мәлімдеп, салдары дипломатиялық қатынастардың үзілуіне әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті. АҚШ-тағы меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы тарқатады.

Жалғас Сәдібекұлы, тілші:

Украинаға шабуылынан соң Батыс елдері Ресейдің жалпы көлемі үш миллиард доллар болатын активтерін бұғаттаған еді. Украина бұл қаржыны өздеріне беруді көптен бері сұрап жүрген. Бірақ, арада екі жыл өткенде ғана АҚШтың ұстанымы айқындала бастаған секілді. Конгресс депутаттары Ресей активтерін тәркілеуге рұқсат беретін.

Майкл Томас Маккол, АҚШ Конгрессмені:

Европа мен АҚШ қана жәрдем беріп қоймай, Ресей активтерін де тиімді парлануымыз керек. Менің ойымша, АҚШ-тың салық төлеушілері емес, бұл соғысты бастаған адамдар бірінші кезекте шығынды өтеуі керек. Сондықтан Байден әкімшілігінен ресейдің бұғаттаған қаржысын тәркілеп, Украинаға беруді талап ететін осы заң жобасын әзірледік.

Жалғас Сәдібекұлы, тілші:

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік кеңесі де Ресей активтерін тәркілеуді қолдап отыр. Ақ үйдің әзірге бұдан басқа амалы да жоқ секілді. Өйткені, жыл басында Конгресс Украинаға биыл алпыс миллиард доллар бөлуге келіспей қойған. Дегенмен Байден әкімшілігіне әуелі жуан жетілекті көндіріп, мәмлеге келуі керек. Осы орайда, белді ақпарат құралдары АҚШ одақтастарымен шұғыл келіссөздер жүргізіп жатқанын айтады.

Франц Хилл, ақш конгрессмені:

Бұл заң перзидентке ресейдің активтерін тәркілеп, Украинаны қалпына келтіріп халықаралық қорына аударуға мүмкіндік береді. Өтемақы өндіру мәселесінде халықаралық тәжірибе бар. Мәселен, 1991 жылы Ирак Кувейтке басып кіргеннен кейін БҰҰ өтемақы қорын құрды.

Жалғас Сәдібекұлы, тілші:

300 миллиард доллар Украинаға 5-6 жыл бойы қорғаныс шығындарын жабуға еркін жетеді, - дейді сарапшылар. Бірақ, Кремль Ресей активтерін тәркілеуді ұрлық деп бағалап, қарымта шара қолданатынын мәлімдеді. Тәркілейтін мүліктердің тізімін де әзірлеп қойса керек. Тіпті, АҚШ мұндай қадамға барса, екі жақты дипломатиялық қарым-қатынас үзілуі мүмкін екенін ескертті.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу