Абай облысында «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» бағдарламасы басталды
Абай облысының Аягөз ауданында «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жастарға арналған ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Оған ауданның 35 жасқа дейінгі жастары қатыса алады. «Отбасы банкі» арқылы 5 пайыз үстемемен 8 жылға жеңілдетілген несие беріледі. Өңірде 1445 адам баспана кезегінде тұрса, олардың 1003-і жастар. Бағдарламаға қажет қаржы аудан бюджетінен былтырдан бөліне бастады.
Қанат Әділбай, Аягөз ауданының әкімі:
Былтыр осы жастар бағдарламасына, жастарды қолдау үшін 81 миллион теңге аудандық бюджеттен бөліп бердік. Осы жердегі тұрғын үй комиссиясы бар. Сол тұрғын үй комиссиясы өздері сараптап, бәрін қарайды. Яғни, балалардың санына байланысты, отбасының адамдарының санына байланысты болады барлығы. Ол жерде 1 бөлмелі пәтерлер, екі бөлмелі, үш бөлмелі пәтерлер бар.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06