Өзбекстанда энергоресурстарды ұрлау тыйылмай тұр
Өзбекстанда энергоресурстарды ұрлау тыйылмай тұр. Метан газ бекетінің қызметкері 41 млн текше метр газды жасырын сатқан. УзЭнергоИнспекция мекемесінің мамандары Сырдария облысында осындай заңсыздықты анықтады.
Тексеру кезінде газ есептеуіш құралға жалғанбаған желі арқылы сұйық отынның заңсыз сатылғаны белгілі болды. Мемлекетке келтірілген шығын 62 млрд сумнан асады. Ал электр желісіне заңсыз қосылғандарға қатысты 1037 қылмыстық, 41 мыңдай әкімшілік іс қозғалған. Энергоресурстарды ұрлап пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптары дұрыс сақталмай апатты жағдайлар да жиі орын алып жатады.
Собир Жураев, төтенше жағдайлар және өрт қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтының басшысы:
Тексеру кезінде 4 мыңнан астам газ пештерінің қауіпсіздік автоматтары дұрыс орнатылмағанын анықтадық. Стандартқа сай емес құбырлар арқылы газ жабдығына қосылудың 45 мыңдай дерегі тіркелді. 3,5 мыңға жуық нысанда желдету жүйесі дұрыс жұмыс істемей тұрғаны байқалды.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13