Маңғыстауда арқар мен қарақұйрық көбейді
Маңғыстауда арқар мен қарақұйрықтың саны 18 пайызға көбейген. Биыл соңғы санақтың нәтижесінде 1100-ге жуық арқар тіркелді. Қарақұйрықтар да саны жылдан-жылға артып, 250-ден асқан. Аңдардың көбеюіне «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде бақылаудың күшеюі себеп болған. 100-ге жуық маман жануарларды күні-түні күзетеді.
Сондай-ақ, облыста аң-құстарға арналған бұлақтардың көзін ашу жұмыстары жандана түсті. Былтыр 52 бұлақтың көзі ашылған.
Мұхаммед-Рахым Боранбаев, «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметкері:
Оның көбеюіне қолайлы жағдай – ең бірінші оларды қарау, күзету. Біздерде ыстық күндері бұлақ көздері тартылып қалады. Сарқылып қалады. Сол себепті біздерде жаз бойына бұлақ көздерін ашу. Қысты күндері жұлт болғанда қуаңшылық болғанда, биотехникалық шаралар жүргіземіз. Бұған жем-шөп шашу деген сияқты жұмыстар.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04