Шыңжаңда ат жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шыңжаңда ат жарыс өтті

31.01.2024

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң өлкесінің Үрімші маңындағы Тяньшань тауының бөктерінде ат жарыс өтті. Ол Қытай жаңа жылын тойлау аясында ұйымдастырылған. 20 шақырымдық бәйгеге 100-ден астам шабандоз қатысып, бірінші, екінші, үшінші орынды иеленгендерге түйе, ат және бұзау сыйға тартылды. Мереке кезінде жергілікті қазақтардың салт-дәстүрлері, соның ішінде көкпар, аударыспақ, қыз қуу тәрізді ойындар көрсетілген.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу