Басты Жаңалықтар Жер қойнауын пайдаланушы компанияларға бақылау күшейеді

Жер қойнауын пайдаланушы компанияларға бақылау күшейеді

Жер қойнауын пайдаланушыларды бақылау күшейтіледі. Ірі компаниялардың салық төлемі мен негізгі табысы тексеріледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Былтыр мұнай-газ, тау-кен, пайдалы қазбалар саласындағы кәсіпорындар 10 трлн теңге көлемінде салық төлеген. Ал енді бақылау күшейсе, жыл сайын тағы 50 млрд-тан аса қаржы бюджетке түсуі мүмкін. Жалпы елімізде 5 мыңнан аса жер қойнауын пайдаланушы компания бар.

Әлібек Ибрайым, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Мамандандырылған департаментінің директоры:

Қазір Парламент қарауында жатыр. Мәжіліс қолдады. Бірінші отырысында. Ертең екінші отырысы өтеді. Жалпы қаржылық жағынан түсімдер ұлғаяды деген ойдамыз. Сосын ашықтық кеңейеді. Сделкаларды қарауға мүмкіндік береді. 


Бөлісу