Шығыстағы Шанағаты ауылына бүгін жол ашылды
Шығыстағы Марқакөл ауданындағы Шанағаты ауылына бүгін ғана жол ашылды. Енді мамандар қолда бар арнайы техниканы Балықтыбұлақ бағытына жұмылдырды. Ең алыстағы бұл шағын екі ауыл қаңтардың алтысынан бері сыртпен байланыссыз қалған. Бастапқыда 10 тәулік жарықсыз отырды. Жол ашылмаса да энергетиктер шаңғымен жүріп электр сымдары мен ақау шыққан желілерді қалыпқа келтірді. Ал бүгін таңертең жол тазалған арнайы техникалар Шанағатыға жетіп, ауылдың ішіндегі көшелерді қардан тазалап, енді Балықтыбұлаққа бағыт алды. Шанағатыда отыздан аса ал, Балықтыбұлақта 20 отбасы тұрады.
Есен Дүзкенов, Шанағаты ауылының тұрғыны:
Бір апта ашып келді. Күндіз-түні таңертең алтыда келді. Біз оларды күтіп алып, көшелерді екі көлік емін-еркін жүреді. Енді тіршілігімізді жасаймыз.
Бауыржан Иқамбаев, Марқакөл аудандық коммуналдық кәсіпорны директоры:
Қазіргі уақытта Төсқайың-Балықтыбұлақ жолы ашылуда. 25 шақырымның 15-шақырымына таяп қалдық. Енді бұйыртса бүгін не ертең Балықтыбұлақ та ашылуға тиіс. Қазір міне Шанағатыда тіршілік басталды. Қазіргі уақытта шөптеріне жол ашып көмектесеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бұралқы иттерге қатысты жаңа түзетулер: Жазалау ма, реттеу ме?
19.04.2026, 23:09
Педагогтерді бағалау жүйесі өзгерді: Жаңа тәртіп қандай?
19.04.2026, 22:54
Бастапқы жарна көп болса, ипотека пайызы төмендей ме?
19.04.2026, 22:42
ҰБТ жүйесі: Грантқа түсу шарттары қалай өзгереді?
19.04.2026, 21:26
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04