Ұлыбританияда білім беру технологияларының көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда білім беру технологияларының көрмесі өтті

30.01.2024

Елімізде білім беру сапасын арттыру үшін жасанды интеллектке сүйенетін жетекші елдердің озық тәжірибелері қолданылады. Бұдан бөлек британиялық ірі жоғарғы оқу орындарының филиалдары ашылмақ. Лондонда өткен Bett Show халықаралық білім беру технологияларының көрмесі туралы Тұманды Альбиондағы тілшіміз Марина Бекенова баяндайды.

Bett Show-ға әлемнің түкпір-түкпірінен cала көшбасшылары ғана емес, 600-ден астам инновациялық компания өкілдері де қатысты. Бірқатарымен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі кездесіп, келіссөздер жүргізді.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Жасанды интелектіні қолданудың қыр-сырын қарастыруды, екіншіден, мұғалімдерді дайындауда цифлық білімнің әлемдегі көш бастап тұрған мықты компаниялар мен елдердің тәжірибесін қолдануды танып отырмыз.

Көрмеде Narxoz университеті мен Queen’s University арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Алдағы уақытта Алматыда қос дипломдық білім бағдарламасы ашылмақ.

Нола Хьюит-Дандас, Queens University Belfast проректоры:

Болашақта бизнес-менеджмент, экономика, қаржы салалары бойынша мамандар дайындаймыз. Осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге ынтықпыз.

Шара аясында Ұлыбританияның білім және ғылым саласының ресми өкілдерімен кездесулер өткізіліп, 2 ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды. Көрмеге қазақстандық ұстаздар мен оқытушылар, сондай-ақ жоғарғы оқу орындарының ректорлары қатысты.

 Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу