Канвон-2024: Шаңғышылар мен кёрлинг шеберлері өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канвон-2024: Шаңғышылар мен кёрлинг шеберлері өнер көрсетті

29.01.2024

Канвонда өтіп жатқан төртінші жасөспірімдер арасындағы Ақ Олимпиадада бүгін шаңғышыларымыз бақ сынады. Спринттік сайыстар Астана уақыты бойынша таңғы жетіде басталған еді. Жарыстың жай-жапсары туралы әріптесім Диас Ахметшәріп тікелей эфирде баяндауға дайын. Диас, шаңғышыларымыздың аяқ алысы қалай?

 Диас Ахметшәріп, ҚР Туризм және спорт министрінің кеңесшісі:

Канвондағы төртінші қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары одан әрі жалғасуда. Біз бүгін тауда тұрмыз. Мынау - Альпенсия деген спорт кешені. Шаңғышылар өз жарысын бастады. Спринт сайысында қос қызымыз Милана Мамедова мен Виолетта Митропольская, өкінішке қарай, жарыс жолынан шет қалды. Бүгін Виолеттаның туған күні. 18 жасқа толып отыр. Құттықтаймыз.

Виолетта Митропольская, шаңғышы:

Өмірімде алғаш рет туған күнімде осындай үлкен жарыста бақ сынадым. 33-ші болып мәре сызығын кестім. Бір-ақ секундқа ерте жетсем, квалификациялық жарыстың келесі кезеңіне өтер едім, әттең. Қазақстан намысын қорғайтын спортшы болған соң, жақсы нәтиже мен әдемі өнер көрсетуді нәсіп етсін деп шын жүректен тілеген едім.

 Диас Ахметшәріп , ҚР Туризм және спорт министрінің кеңесшісі:

Ал ерлер арасында ел намысын қорғаған қос спортшымыз Әубәкір Тотынов бірінші айналымнан шет қалса, ширек финалға дейін жеткен біздің Берік Боранбаев, өкінішке орай, жартылай финалға жолдама ала алмады. Шаңғышыларымыз жарыс жолын ертең жалғастыратын болады. Сондай-ақ бүгін керлинг бойынша ұлттық құрама Швейцариямен кездесіп, 1:9 есебімен есе жіберді. Оның алдында біздің командамыз Австриямен ойнап, 4:4 есебімен тең түскен болатын. Және де Германия командасына 4:8 есебімен есе жіберген еді. Жарыстар одан әрі жалғасуда. Қазіргі таңда біз үш жүлдемен 17-ші орындамыз. Көш басында әдеттегідей Германия, Италия және Франция спортшылары. Әлде де біздің үмітіміз бар. Бүгінгі жарыс қорытындысы осындай.


 Диас Ахметшәріп

Хабарламаларға жазылу