Декларация тапсырудың тәртібін білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Декларация тапсырудың тәртібін білесіз бе?

27.01.2024

Биыл жалпыға бірдей декларациялаудың кезекті кезеңі басталды. 2024 жылы заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары декларация тапсыруға міндетті. Оны тапсырудың мерзімі қандай? Табыстары мен мүлкі туралы декларацияда жалған мәлімет көрсетілсе, қандай жаза қолданылады

Аида Ахметбек, тілші:

Кірістер комитетінің мәліметінше, жеке тұлға декларация тапсыру барысында қателік жіберсе, оны өз бетінше түзетуге құқылы. Алайда, кешіктіріп немесе тапсырудан бас тартқан жағдайда 55 380 теңге көлемінде айыппұл салынады. Мәліметті анық емес көрсетсеңіз, 11 076 теңге төлеуіңіз қажет. Мәселен, қымбат гауһар алқаңыз болса, декларацияда көрсетпес бұрын, оны бағалатып алуыңыз керек, - дейді мамандар.

Айнұр Сартаева, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі:

Кез келген жеке тұлға өзінің атында қандай да бір бағалы, қымбат мүлкі болса оны декларацияда көрсетуге ерікті. яғни бұл жерде сіз өзіңіз айтып отырған қымбат бағалы гаухартаспен көмкерілген әшекей бұйымы болса онда ол оны алдымен бағалатып алу керек, бағалатқан кезде егерде бір данасының аталған әшекей бұйымның құны мың еселенген айлық көрсеткіштен яғни үш миллион төрт жүз елу мың теңгеден асса сол жағдайда әшекейді осы декларацияда көрстуіне болады.

Аида Ахметбек, тілші:

Егер декларация тапсырылып, салық төлеуде заңбұзушылыққа жол берілсе, салық соммасының 200 пайыз мөлшерінде, қайталанса 300 пайыз көлемінде айыппұл салынады. Экономистер, декларация – көлеңкелі экономиканың алдын алады деп отыр.

Бауыржан Ысқақ, экономист:

Жалпыға бірдей декларацияның негізгі мақсаты көлеңкелі экономиканың үлесін азайту, жемқорлыққа қарсы және де әлеуметтік саясатты жетілдіру. Мысалы бір ғана себепті айтайын шетелге заңсыз шығып кеткен активтер туралы айтылып жатыр қазіргі уақытта 200 млрд долларға жуық қаражаттың заңсыз кетіп қалғандығы.Осы заң қабылданғаннан кейін 1 жылдың көлемінде 1 трл теңгеге дейінгі қаражат біздің елге келді. Қазіргі уақытта сол қаражаттарға мектептер салынып жатыр, әртүрлі әлеуметтік салалардың секторлары салынып жатыр.

Аида Ахметбек, тілші:

Бұдан бөлек, декларация тапсыру барысында банктіктегі берешекті көрсетудің еш қажеті жоқ. Алайда, жеке немесе заңды тұлғалар алдында қарыз болса, оны жазу міндет.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу