Е. Жамаубаев: Баланың жеке деректері жоғалып кетсе, алаңдаудың қажеті жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е. Жамаубаев: Баланың жеке деректері жоғалып кетсе, алаңдаудың қажеті жоқ

27.01.2024

Баланың аты-жөні деректер қорынан жоғалып кетсе, алаңдаудың қажеті жоқ. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Ұлттық қор – балаларға» жобасына қатысты бірқатар сұрақтарға «Жедел желі» бағдарламасында жауап берді. Министрдің сөзінше, бүгінге дейін 5 мың баланың мәліметі базада қате көрсетілгені анықталған. Жеке деректер 1 ақпанға дейін толық қалпына келтіріледі. Сонымен бірге, Ерұлан Жамаубаев әр баланың шотына жыл сайын шамамен 100 АҚШ доллары көлемінде қаражат түсетінін айтты. Былтырғы қордың жалпы табысы 1,5 млрд АҚШ доллары болған. Соның жартысы барлық балаға теңдей бөлініп беріледі, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі:

Әр түрлі себептермен 1-2 адам ілікпей қалуы мүмкін. Дер кезінде мүмкін құжатын алмауы мүмкін. Немесе шетелге шығып кетіп, қайтып келуі мүмкін. Дегенмен де оған қорқудың еш қажеті жоқ. Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына барып, арызданса, ол жерден ақпарат тексерілсе, шотына тиісті қаражат түседі.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу