Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы АҚШ-та өтетін Әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы АҚШ-та өтетін Әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

07.09.2017

Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазуда. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының арнайы комиссиясы атқару кеңесінің кезекті отырысында допингпен ұсталған әлемдегі тоғыз мемлекетті бір жылға дисквалификациялау мәселесін көтермек. Олардың қатарында ел құрамасы да бар. «Бірақ, бұл мәліметтер ресми емес. Сондықтан, алаңдаудың қажеті жоқ», - дейді Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсір.

Естеріңізге сала кетейік, осы күндері Талдықорғанда ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу