Қайта оралған ұстаз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайта оралған ұстаз

26.01.2024

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны Ирина Сильченко кіндік қаны тамған Қазақстанды өзге елге айырбастамаймын деп отыр. Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі тарихи отаны Ресейге көшіп кетіп, бірнеше жылдан соң қайта оралыпты. Ата-анасы және өзі үйрене алмаған. Ол жақта қазақ халқының қонақжайлылығы мен дархандығы жетпеді дейді.

Ирина Сильченко, Ақтау қаласының тұрғыны:

Кезінде Ресейде тұрғанбыз, әжемнің қолында. Сол жақта оқыдым. Сол жақта өстім. Сонда да Қазақстанға тартты. Қазақстанға кеткім келді. Қайтадан Қазақстанға көшіп келдік. Енді туған жерім болғасын, өте қатты ыстық. Осы Қазақстанды дамытуға, көркеюіне, қазақ тілін дамытуға өзімнің үлесімді қосамын деп ойлаймын.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу