Басты Жаңалықтар Шымкентте темір жол желісінде жол қауіпсіздігі күшейтілді

Шымкентте темір жол желісінде жол қауіпсіздігі күшейтілді

Шымкент магистральді желі бөлімшесіне қарасты темір жол желісінде жол қауіпсіздігі күшейтілді. Бұған жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және техникалық құрал-жабдықты жаңарту нәтижесінде қол жеткізілген. Рельсті бекіту ісі қазір автоматты құралдың көмегімен атқарылады. Бұрын білектің күшімен жасалатын. Шалғай учаскелерде жұмыс істейтіндер үшін 3 модульдік үй мен 35 жылыну бекеті орнатылды. Желілік қызметкерлер жұмыс орнына арнайы техникамен жеткізіледі. Ал былтыр жұмысшылардың айлығы 20 пайызға өсті. Қазір бөлімшеде 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді. «Олардың күшімен Оңтүстік аймақтағы темір жол желісінің 40 шақырым жері күрделі жөндеуден өтті. 60-тан астам бағыттың бұрамасы жаңартылды», - дейді сала мамандары.

Тәшенбай Әліқұлов, жол монтері:

Жаңа құралдар, жаңа техникалар бәрі бар. Жеткілікті. Уақтылы айлығымызды алып жатырмыз. Киімдерімізді де береді. Премиямызды жыл сайын көтеріп жатыр.

Жомарт Мырзабеков, Шымкент магистральді желі бөлімшесі директорының орынбасары:

Қол жұмысын жеңілдету мақсатында 70-тен астам дана шағын механикалық құралдар сатып алдық. Және де 170-тен астам құралдар жөндеу жұмыстарынан өткізілді.

Ғани Қалмаханов


Бөлісу