Елімізде 479 медициналық ұйымның 113 млрд теңге берешегі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 479 медициналық ұйымның 113 млрд теңге берешегі бар

26.01.2024

479 медициналық ұйымның әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 113 млрд теңге берешегі бар. Бұл былтырғы кредиторлық қарыз. Сонымен қатар 1 жылда 46 200-ден астам жалған медициналық қызмет көрсетілген. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры Басқарма төрағасының орынбасары мәлімдеді.

Айдар Нұралиевтің айтуынша, мұндай заң бұзушылықтар үшін қызмет көрсету құнынан 3 есе көп мөлшерде айыппұл салынады. «Бұдан бөлек, енді медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі енгізіледі», - деді.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу