Президент Kaspi.kz компаниясын жетістігімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Kaspi.kz компаниясын жетістігімен құттықтады

25.01.2024

Президент Kaspi.kz компаниясын АҚШ-тағы NASDAQ қор биржасында IPO-ға табысты шыққанымен құттықтады. Бұл биржада Apple, Amazon, Google және басқа да әлемдік жетекші технологиялық компаниялардың акциялары орналастырылған. Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе компания жұмысының нәтижесі туралы баяндады. Сонымен қатар кездесуде елімізге әлемдік жетекші инвесторларды көптеп тарту үшін инвестициялық климатты жақсарту перспективалары талқыланды.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу