Мемлекет басшысы «ВТБ банкі» президентін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «ВТБ банкі» президентін қабылдады

13.12.2021

Мемлекет басшысы ВТБ банкі басқармасының президенті әрі төрағасын қабылдады. Андрей Костин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы бірлескен жобалар туралы айтты. 2020-2021 жылдары ірі мемлекеттік және жекеменшік компаниялармен жалпы құны 6 миллиард доллардан асатын бірқатар маңызды келісімге қол қойылған. ВТБ-ның қазақстандық жобаларға қаржы бөлу көлемі 11 жарым миллиард долларға жеткен. Мысалы, «KAZ Minerals» компаниясын қаржыландыру – биылғы үлкен келісім деп атап өтті. Сондай-ақ ERG компаниясымен және «Самұрық-Қазына» қорымен, тағы оның еншілес ұйымдарымен несиелік келісімдер іске асырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Костинді жоғары мемлекеттік награда – «Достық» орденін алуымен құттықтады.


Хабарламаларға жазылу