Абай облысының ауылдарында 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысының ауылдарында 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды

25.01.2024

Абай облысында «Ауылым-ел бесігі» бағдарламасы бойынша 76 жоба іске іске асты. Ол үшін мемлекет бюджетінен 8,5 миллард теңге қаржы бөлінген. Әсіресе шалғай жатқан шекаралық ауылдар мен бұрын аудан орталығы болған елді мекендерге көңіл бөлініп отыр. Ауыл жолдары жөнделіп, жарықтандырылған. Әлеуметтік мекемелерге күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңадан нысандар салынған. Нәтижесінде 200 ден астам жаңа жұмыс орны пайда болды. Мысалы шекаралық ауданда орналасқан Таскескен ауылында бір жылда бірнеше жоба қолға алынған. Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, ішкі жолдары жаңаланған. Қазір 1000 шаршы метр аумақты алып жатқан үлкен спорт кешінінің құрылысы жүріп жатыр. Барлық талапқа сай заманауи нысан биыл қолданысқа беріледі.

Айдын Қожаев, Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі:

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасында ауылға көптеген қаражат бөлінген. 2023 жылы спорт кешенін салуға 568 миллион берілді. Бұрын мәдениет үйінің ішінде спорт зал болған. Сол жерде болды. Халықтың сұранысы бойынша, ауыл жастарының сұраныс бойынша спорт кешені биыл қолданысқа берілетін болса, әртүрлі спортттың түрлері бойынша дайындық жұмыстары жүргізілетін болады.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу