Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда футбол орталығына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда футбол орталығына барды

25.01.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Алматыға жұмыс сапары аясында жаңадан ашылған «Footlab» балаларға арналған футбол орталығына барды. Қазір онда 8 жоғары білікті бапкердің қарауында 50 бала жаттығады. Ал жоспар бойынша 1 мыңға жуық баланы қабылдау көзделген. Интерактивті футбол алаңы Португалияның франшизасы бойынша салынған. Жоба құны – 1,5 млрд тг. Инвесторлар еліміздің барлық өңірінде осындай орталықтар желісін ашуды жоспарлап отыр. Келесі орталық Астанада ашылады. Президент балаларға арналған спорт жобасын дамыту үшін жауапты органдарға жер телімін бөлу мәселесінде жәрдем көрсетуді тапсырды. Әрі жас футболшыларға табыс тілеп, спорт жейдесіне қолтаңбасын қалдырды.


Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу