Мемлекет басшысы футбол орталығына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы футбол орталығына барды

25.01.2024

Әрі мемлекет басшысы Алматыдағы Footlab футбол орталығына барды. Интерактивті алаңдарды аралап, жас футболшыларға табыс тіледі, спорт жейдесіне қол таңбасын да қалдырды.

Мұнда қазір жоғары білікті 8 бапкер 50 баланы жаттықтырып жатыр. Алдағы уақытта 5 жастан 12 жасқа дейінгі 1000-ға жуық баланы жаттықтыру көзделген. Жалпы Footlab – спортсүйер қауымға, отбасылық демалысқа, балалар мен ересектер арасында турнирлер өткізуге арналған интерактивті футбол алаңы. Жобаға 1,5 миллиард теңгеден астам жеке инвестиция салынған. Орталықтың биыл спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау үшін Алматы қаласының оқушылары арасында турнир өткізу жоспары бар. Инвесторлар еліміздің барлық өңірінде осындай орталықтар желісін ашуды көздеп отыр. Ал алаңды ұнатқан президент Астанада осындай орталық салуға тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Олжас Абайұлы, Астана әкіміне айтып осындай орталық салу керек. Жер керек. Осындай футбол лаборотория өте жақсы. Дүниежүзінде қайда Лиссабонда бар, Дубайда бар, Алматыда бар. Енді Астанада салу керек.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу