Чилиде жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилиде жер сілкінді

24.08.2015
Чилиде жер сілкінді

Чилидің орталығында магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінді, деп хабарлайды АҚШ-тың геологиялық қызметі.

Жер сілкінісі жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20-10-да байқалған. Жерасты дүмпуінің  орталығы шашамен Ла-Серена қаласынан 31 км қашықтықта Эльки провинциясында орын алған. Жер дүмпуі 33,9 километр қашықтықтан жеткен.  

Әзірге, жер сілкінісінен зардап шеккен немесе қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу