Алматыда бірінші ауысымдағы сабақ болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бірінші ауысымдағы сабақ болмайды

23.01.2024

Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде бірінші ауысымдағы сабақ болмайды. Өйткені бұл білім ошақтарында түні бойы халықты қабылдау пункттері жұмыс істеді. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі осылай хабарлады. Ал балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді. Балаларды апару ата-аналарының қалауы бойынша, делінген ақпаратта.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу